Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақсатты пайдаланбаған 75 мың гектар жерді қайтарды. Нақтырақ айтсақ, Қостанай обылысында 1 мың гектар, Екібастұз қаласында 15,3 гектар, Жамбыл облысында 60 мың, ал, Алматы облысында 16 мың гектар заңсыз иемденіп келген жер мемлекет меншігіне өтті. Жыл соңына дейін жалпы көлемі 109 мың гектардан астам жер қайтарылуы керек.