Елордада есірткі саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды. Полиция оны тексеру кезінде 13 қорап марихуана тәркіледі. Сондай-ақ 31 жастағы тұрғынның үйінен құқық қорғау органдарының өкілдері 1 келіден аса марихуана және газ тапаншасын тапқан. Қазір «есірткі заттарды заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау» бабы бойынша сот алды тергеу басталды.