Прокурор: Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокурор: Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыру керек

23.09.2022

Астанада өтіп жатқан сот процесі барысында прокурор осындай ұсыныс айтты. Одан бөлек, түпкілікті мүлкін тәркілеу және лауазымды қызметпен айналысуға 10 жылға құқығын шектеу керегін жеткізді. Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өткізіп, Президентке Сатыбалдыны Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры атағынан, сонымен қатар «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілді. Ал сот отырысы барысында Қайрат Сатыбалды жаза түрімен келісетінін мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу