Қазақстан Беларусь құрамасымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Беларусь құрамасымен кездеседі

22.09.2022

Жанкүйер қауым үшін бүгін футбол тойы. УЕФА Ұлттар лигасының аясында Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі.

Саламат Омаш, тілші:

Құраманың дайындығы жаман емес. Бұған дейін 3-4 күндік жаттығулар болды. Бас бапкер Магомед Адиев кеше баспасөз мәслихатында Елдос Ахметовтан басқа ойыншылардың бәрі қатысатынын айтты. Жалпы қос құрама бұған дейін 6 рет кездескен. Оның төртеуінде Беларусь құрамасы жеңіп, екі ойын тең аяқталды. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерде 5-1, 4-0 деген есептер де болған. Алайда ұлттар лигасы аясындағы соңғы ойында екі команда тең түсті. Жалпы соңғы уақытта Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Бүгін отыз мың жанкүйер сияқтын «Астана-Аренада» ұлттар лигасының бесінші туры өтеді. Біз С дивизионындағы үшінші топта 10 ұпаймен көш бастап келеміз. Өткен төрт ойынның біреуінде де жеңілген жоқпыз. Үш жеңіс, бір тең ойын бар. Бұған дейін ұлттық құрамада дәл осындай көрсеткіш болмаған. Бізден кейін Словакия, Әзербайжан және топ соңында Беларусь құрамасы тұр. Егер бүгін жеңіске жететін болсақ, мерзімінен бұрын бірінші орын аламыз.
Құрметті көрермен, егер бүгін жолымыз болмай жатса, үш күннен кейін, 25 қыркүйекте Әзербайжанмен ойнаймыз. Демек әлі екі мүмкіндік бар. Бірақ, футболды білетіндер Қазақстан бүгін жеңуі керек дейді. Команда капитаны Асхат Тағыберген де ойыншылардың 100 пайыз дайын екенін айтқан. Сенейік. Ойынды көрейік. Ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу