Жүзден астам ресейлік компания Қазақстанға көшпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүзден астам ресейлік компания Қазақстанға көшпек

22.09.2022

Халық банктің Мәскеудегі еншілес компаниясында істейтін қызметкерлер ішінара мобилизацияға шақырту алып жатыр. Банктің басқарма төрайымы Үтім Шаяхметованың айтуынша, жарлық шыққалы Ресейдегі 80 қызметкері қарулы күштер қатарына шақыртылған. Олар негізінен айти департаментінің мамандары. Енді сол ер адамдардың орнына қыз-келіншектерді іздеп жатыр екен. Сондай-ақ Growth Forum-да 100-ден астам ресейлік компания кеңсесі мен өндірісін Қазақстанға ауыстырғысы келіп отырғаны айтылды. Мұның ел экономикасына пайдасы мол дейді, сарапшылар.


Хабарламаларға жазылу