Бельгияда кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жаппай шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жаппай шеруге шықты

22.09.2022
0:00:00
0:00:00

Нұрсұлу Қасым, тілші:

Шеруді елдегі ең ірі үш кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған. Брюссельдегі наразылық акциясына қатысып жатқандардың дені – жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компанияның қызметкерлері. Көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай, осында жүргендіктен бүгін қоғамдық көлік қатынасы қиындады. Тұрғындар сабаққа, жұмысқа жаяу баруға мәжбүр. Шерушілер жұмыс берушілерден, үкіметтен жалақыны көбейтуді талап етуде.

Мишель Ван Гоф, кәсіподақ ұйымының мүшесі:

Жалақымыз өспейді. 1996 жылғы заңда жалақының көтеруін шектейтін баптар бар. Соны өзгертуді талап етудеміз. Себебі тоқ, жанар-жағармай, азық-түлік бәрі қымбат. Халықтың сатып алу қабілеті тым төмен. Күн көру қиын боп кетті.

Кәсіподақ басшыларының айтуынша, көлік саласы қызметкерлерінің жалақысы соңғы жылдары бар-жоғы 0,4 пайызға ғана көтерілген. Есесіне, биыл газ бес есе, электрэнергия 10 есеге қымбаттады. Қазір халық құны аспандаған тоққа қалай төлейміз деп бас қатыруда. Бәрі үкіметтен қаржылай қолдау көрсетуді талап етіп жатыр. Талаптары орындалмаса қазан мен қарашада өндірісті, жұмысты тоқтатып, жалпыұлттық ереуілді күшейтпек.


Хабарламаларға жазылу