Қ.Тоқаев саяси жүйенің түгелдей қайта іске қосылуына жол ашты – шетелдік БАҚ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев саяси жүйенің түгелдей қайта іске қосылуына жол ашты – шетелдік БАҚ

22.09.2022

Елімізде қарашаның 20-да мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауы мен реформаларға әлем баспасөзі назар аударып отыр.

Түріктің «Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың өтетін күнін жариялай отырып, Қазақстанда саяси жүйенің түгелдей қайта іске қосылуына жол ашты. Сонымен қатар түркиялық тілші еліміз Конституциясына түзету енгізіліп, президенттің өкілеттігі енді бір мерзіммен шектелетінін деп атап өткен.

Ал Жапонияның «Никкей-Азия» басылымының мәліметінше, Қазақстанда президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу экономиканың нашарлауы мен саяси турбуленттік тәрізді қауіптердің алдын-алу үшін қажет болып отыр. Сонымен қатар жапондық репортер өз мақаласында посткеңестік кеңістікте геосаяси тұрақсыздық белең алып бара жатқанына да тоқталған.

Еліміздегі саяси өзгерістер Катардың панарабиялық «әл-Жазира» телекомпаниясының да назарынан тыс қалған жоқ. Оның материалында Қазақстанда президенттік мерзімі жеті жылға ұзартылғаны, ең төменгі жалақының 17 пайызға өскені және Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балалардың есепшоттарына инвестициялық кірістің жартысы аударылатыны айтылған.


Хабарламаларға жазылу