Екі айдан соң өтетін кезектен тыс Президент сайлауы отандық экономиканы қарқынды дамытуды және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сарапшылар пікірі осындай. Оның үстіне қазіргі алмағайып заманда саяси науқанның маңызы зор. Ынтымақ пен бейбітшілікті ұстанған қазақ елі үшін алдағы сайлау демократияның жарқын үлгісі болмақ. Сондықтан саяси науқан тек оң өзгерістер мен жаңа бастамаларға себеп болады.
Ермек Тоқтаров, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының дамуы. Өйткені бұл шешім тек қана саяси истеблишменттің шешімі емес, бұл қоғамның сұранысына сай келеді. Маусым айында референдум өткенде Конституциялық өзгерістер енгіздік. Енді халықтың күтіп жатқаны бұл өзгерістер қашан іске енеді. «Бұл біздің саяси тәжірибемізде, саяси мәдениетімізде жаңа бір кезең.