Кеден қызметкерлері оны тексеру кезінде 56 мың 750 АҚШ долларын тапқан. Сол күнгі валюта курсы бойынша бұл шамамен 27 млн теңге. Жолаушы ақшаның бір бөлігін ұлтарағының астына, бір бөлігін сөмкесіне жасырған. Жалпы, жыл басынан бері Елордадағы әуежайда декларацияланбаған қолма қол ақша алып шығудың 55 дерегі анықталды. Қазақстандықтар елден 490 млн теңгені заңсыз алып шықпақ болған. Заң бұзғандарға жалпы сомасы 1 млн 700 мың теңгеден асады.