Сыр өңірінде мәдени нысандардың дені ескірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде мәдени нысандардың дені ескірген

21.09.2022

Бүгінде ауылдық елді мекендердегі клубтардың 22-сі апатты жағдайда тұр. Өзекті мәселе Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың аймақ жұртшылығымен кездесуінде көтерілді.

Өңірде мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында көптеген ауылда спорттық нысандар бой көтерді. Соның нәтижесінде, бұқаралық спорт қарқынды дамып, өңірде салауатты өмір салтын ұстанғандардың үлесі 30 пайызға жетті. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы енді мәдениет ошақтарын да жаңғыртып, жаңадан салу – облыс үшін өзекті мәселе. Бұл бағытта Дәурен Абаев министрлік тарапынан қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Спорт, мәдениет нысандарына қатысты шараларды бірлесе отырып жүзеге асырамыз. Біз оған дайынбыз.


Хабарламаларға жазылу