Жас әйелдің өлімі: Ыстамбұлда ирандықтар шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас әйелдің өлімі: Ыстамбұлда ирандықтар шеруге шықты

21.09.2022

22 жастағы ирандық әйелдің өлімінен кейін наразылық акциялары тыйылмай жатыр. Түркияның Ыстамбұл қаласында бір топ ирандық шеруге шықты. Кейін полиция көшелерді жауып, оларды таратып жіберген. Жаппай наразылық шерулері Иранның бірнеше қаласында өткен аптадан бері жалғасып жатыр.

Махса Амириді Тегеран полициясы шашын, аяқ-қолын толық жабатын киім кимегені үшін өткен аптада тұтқындады. Алайда қамалғаннан кейін үш сағат өткенде Амири комаға түсіп қайтыс болған. Тәртіп сақшылары оның соққыға жығылғанын жоққа шығарып отыр. Ата-анасы тұтқындалғанға дейін Махсаның денсаулығы жақсы болғанын айтады. Осы оқиғаға қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ.


Хабарламаларға жазылу