Алматыдағы бала өлімі: Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы бала өлімі: Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

20.09.2022

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында 11 жастағы баланы көлікпен қағып кеткен күдікті ұсталды.

Алматы - Жетіген тас жолында Toyota автокөлігін тіздігінен жүргізуші 24 жастағы Қырғызстан азаматы болып шықты. Біздің елде уақытша тұрып келген. Баланы жаяу жүргіншілер өткелінде соғып, жол ережесін өрескел бұзған күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп, тексеру жұмыстары басталды. Ажал құшқан оқушының ата-анасы және Жаңалық ауылының тұрғындары қатаң жаза қолдануын талап етіп отыр. Сондай-ақ биліктен қауіпті жолға бағдаршам мен камера орнатып берулерін сұрайды.


Хабарламаларға жазылу