Семейде аспалы көпір астында демалыс орны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде аспалы көпір астында демалыс орны ашылды

20.09.2022

Семейде аспалы көпір астында демалыс орны ашылды. Бұрын бос жатқан жер абаттандырылып, онда спортпен шұғылдануға қажетті құрылғылар орнаталған. Уоркоут, скейт парк, паркур алаңдары жасалды. Стритболға арналған спорттық аумақ, фитнес пен балалар ойын алаңы бар. 3500 шаршы метр жерді алып жатқан қоғамдық орын демеушілер есебінен құрылған. Биыл қала бойынша 12 көпшілік демалатын орын ашу жоспарда бар. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу