Димаш Құдайбергеннің фанаттары Ақтөбеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергеннің фанаттары Ақтөбеге келді

20.09.2022

Димаш Құдайбергеннің фанаттары Ақтөбеге келді. Олар бүгін әнші білім алған оқу ордасына бас сұқты.

АҚШ, Ұлыбритания, Уругвай, Литва, Малайзия және Вьетнамнан келген меймандарды музыка колледжінің ұжымы ұлттық әуендермен қарсы алды. Димаштың фанаттарының арасында Ақтөбеге осымен екінші мәрте келіп отырғандары да бар. Олар үшін сүйікті әншілерінің өмірі, өскен ортасы, оқыған жері - бәрі қызық. Туристік компаниялардың бірі - Димаш Құдайбергеннің 200-ден астам жанкүйерлерін қабылдап, қызмет көрсетуге дайын. Қазірдің өзінде әлемнің 35 елінен өтініш түскен. Бұған дейін әншінің өмірі мен өнеріне тәнті шетелдіктер 2017 және 2019-ыншы жылдары келген еді.

Аманжол Ысмағұлов, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің директоры:

Димаш Құдайбергеннің арқасында ғой, көптеген мелмекеттер бізідң клолледжге келіп танысып жатыр.Соның ішінде 20 мемлекеттен астам біздің колледжге келіп кетті. АҚШ-тан бар, Еуропа, Израйль, Китай, басқа мемлкеттер.

Дэнис Джонс, Димаштың жанкүйері:

Мүмкіндік болса, Димашты көруге барымды саламын.Қай жерде концерті болады, сонда барамын.Мен үшін оның әндерін тыңдау үлкен ғанибет.Бүгін оның туған қаласына келіп, өзімді бақытты сезініп тұрмын.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу