Лондонда Ұлыбритания патшайымын жерлеу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда Ұлыбритания патшайымын жерлеу рәсімі өтті

19.09.2022

Лондонда Ұлыбритания патшайымын жерлеу рәсімі өтті. Оған екі жарым мыңдай адам қатысты. Арасында көптеген шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар да бар. Қазақстанның атынан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пайтшайымды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. 

Марина Бекенова, тілші:

Қоштасу рәсімі Британ патшалары мен патшайымдарын таққа отырғызу салтанаты өтетін тарихи шіркеуде ұйымдастырылды. Бұл шара Хаттаманың ережелерін қатаң сақтай отырып, Вестминстер абаттығында мыңдаған адам жиналған орында өтті. Соңғы рет, 60 жыл бұрын, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль дәл осындай құрметке ие болған еді.

Шіркеудегі рәсімнен соң патшайымның мәйіті салынған табыт күйеуі Ханзада Филипп жерленген Виндзор қамалына жеткізілді. Бұған Екінші Елизаветаның ет жақындары ғана қатысты. Қамалға жетем дегенше Биг Бен минут сайын қоңырау соқты, зеңбіректер әуеге оқ атты. Британ еліне көңіл айту үшін әлемнің түкпір-түкпірінен лауазымды тұлғалар келген. Ресей, Беларусь пен Мьянма өкілдері бұл рәсімге шақыртылмады. Бүгін елде демалыс күні болып жарияланған. Барлық ірі сауда орталықтары мен мұражайлар жұмыс істемеді.


Хабарламаларға жазылу