Жапонияның Кюсю, Сикоку және Чугоку аймағында 9 миллион адамның көшуіне бұйрық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның Кюсю, Сикоку және Чугоку аймағында 9 миллион адамның көшуіне бұйрық берілді

19.09.2022

Жапонияның Кюсю, Сикоку және Чугоку аймағында 9 миллион адамға қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді. Өйткені, елдің оңтүстігіне «Нанмадол» супер тайфуны сағатына 234 шақырым жылдамдықпен соққы беріп, тасқын басталып жатыр.

Алдағы бірнеше күнде алапат дауыл Хонсью аралын жайпауы мүмкін. Жексенбі күні ондаған мың адам шатырда түнеді. Ал жарықсыз қалған үй саны 350 мыңға жақындап қалған. Бұған қоса, кемелер жағалауға оралып, 800-дей әуе рейсі мен пойыздар тоқтады. Дүкен мен кәсіпорындар жабылып жатыр.

«Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, тайфуннан кемінде 2 адам қаза тауып, 87 тұрғын жараланған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу