Елорданың аты ауысқанмен әуежайдың коды ауыспайды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин мәлімдеді. Айтуынша, код қаланың емес, әуежайдың атауына байланысты беріледі. Сондықтан 2020 жылы қабылданған NQZ коды өзгеріссіз қалады.
Дәулет Хамзин, басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
Біздің акционеріміз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Сондықтан әуежай атауын ауыстыру бойынша шешімді акционерлер қабылдайды. Ал әзірге бұл мәселе көтерілген жоқ. Сондықтан код ауыспайды.