Түркістанда әлемнің үздік травматологтары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда әлемнің үздік травматологтары бас қосты

19.09.2022

Әлем бойынша кең таралған сүйекті ауыстыру тәжірибесі біздің елімізде де жолға қойылған. Түркістанда өткен халықаралық ғылыми конференцияда травматологтар мен ортопед мамандар өзара тәжібие алмасып, жетістіктерін таныстырды. Екі күнге жоспарланған шараға әлемнің 15 елінен 250-ге жуық білікті дәрігер қатысты. Басқосуда Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Германия мен Қытайдан келген травматологтар соңғы жетістігі мен мүмкіндіктерін таныстырды. Кей елдердің ғалымдары онлайн режимде қатысып, ой бөлісті. Шара аясында көрме ұйымдастырылып, озық медициналық технологиялар көпшілік назарына ұсынылды.

Олжас Бекарысов, ҚР ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры.

Қазақстандық әріптестерімізге травматология және ортопед жаңа технологияларды алып келіп, көрсетіп, бүкіл дүние жүзінде қандай жаңа технологиялар болып жатқанын осы жерге келіп, естіп ,енгізіп жатырмыз. Оның барлығының біздің науқастарымызға пайдасы бар.


Хабарламаларға жазылу