Шетелдік көліктерді заңдастыру келер жылы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік көліктерді заңдастыру келер жылы басталады

19.09.2022

Шетелдік көлікті заңдастыру келер жылдан басталады. Экологиялық және Салық кодексіне түзету әзірленген. Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге төлейді. Бірақ заңдастыру кезінде утиль алымға ақша бермейді. Биыл 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктер тізімі жасалды. Кейінірек жеткізілген көліктер заңдастыруға жатпайды. Тіркелген автомобильге қарапайым ақ нөмірлер беріледі. Полиция қандай да бір шектеу қоймайды. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақтың тауарына жатпайтын автокөліктер кедендік баж төлеуі тиіс. Бұл үшін Қаржы министрлігі азаматтарға қолайлы кедендік декларациялау тәсілін дайындап жатыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу