Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ сессиясына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ сессиясына қатысады

19.09.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласына барды. Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысып, жиынның жалпы дебатында сөз сөйлейді. Ауқымды жиын пандемия салдарынан соңғы 2 жылда онлайн форматта өткен еді. Коронавирустан ес жиған әлем елдерінің басшылары биыл қайтадан бас қосып, жер жүзіндегі өзекті мәселелерді талқыға салады. Қазақстан Президенті әлемдегі ең беделді ұйым мінберінен 20 қыркүйек күні сөз сөйлейді. Ал оның алдында, яғни, бүгін америкалық ірі компания мен қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізеді. Олардың қатарында JPMorgan, Goldman Sachs, Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Microsoft секілді әлемнің алпауыт корпорация жетекшілері бар. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады деп жоспарланып отыр. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу