«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы жаңа маусымын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы жаңа маусымын таныстырды

16.09.2022

«Қазақстан» телерадиокорпорациясында - жаңа маусым. Бүгін таныстырылымы өтті. Корпорация - Медианарықта көшбасшы. Биыл да ұжымының талғампаз көрерменге тартуы көп. Қандай қызықты жобалар бар?

Корпорация жобалары және бренд. Екеуі егіз ұғымға айналып келеді. Кез-келген медиаөнімге нарықта сұраныс жоғары. Оның үстіне корпорация ірі медиақұрылым. 4 республикалық арна, 4 республикалық радио, 14 аймақтық телеарна және 23 интернет портал кіреді.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Әуезовтердің сөз қалған алтын қорды сақтап қалды Референдум кезінде өзіміз куі болған алғашқы ісшараға ұйытқы болды. Біздің баспаөзсдің қуатын Ұлттық арна көрсетіп отыр. барлығына ризашылығ,ымзды білдіреміз.

Рейтингте әзірге ешкімді ілестірмей келеді. Оның себебі де бар. Көп телеөнім тікелей эфирде. Талғампаз көреремен Таңшолпанмен оянып, Мың бір түнді де қалт жібермейді. «Ашық алаң», «Апта» «Жедел желі» «Ақпарат» бағдарламалары көрерменге тікелей жол тартады. Ал жаңа маусымда қатарға қоғамдық-әлеуметтік бағыттағы «Өмір көркем» қосылады. Интеллектуалдық бағыттағы «Нартәукел», еңбек иелерін дәрітпеуге арналған «Тіршілік» бағдарламаларымен толығады және «Qazaqstan дауысы» телешоуы жаңа маусымын бастайды.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымы:

Өздеріңіз байқағандай, «Qazaqstan» арнасы қазіргі кезде ұлттық бағытын, атауын сақтай отырып, қоғамдық-саяси телеарнаға айналды. Ендігі межеміз – «Qazaqstan» деген брендті одан әрі танымал ету, шетелдік нарыққа шығу.. Осы күзде Қазақстан Ұлттық арна эфирі биыл Қырғызстанда тарала бастайды.

«Balapan» телеарнасы биыл 209 сериядан тұратын 11 анимациялық жоба өндіреді. Одан бөлек, «Білім бәйгесі», «Ең мықты», «Кім тапқыр?!», «Байқа, балақай!», «Күмбір live» бағдарламалары эфирге шығады. «Abai tv» телеарнасынан жаңа маусымда «Мұра», «Бірегей», «Би әлемі» және «Поэзия қағанаты» бағдарламалары шыға бастады. Ал «Қазақ радиосы, «Шалқар», «Astana» және «Classic» радиолары жалпы саны 105 бағдарламаны жаңаша бағытта жалғастырады.

Гүлмәрия Барманбекова, Қазақ телевизиясының ардагері:

Ұлттық арна өз бейнесін жойған жоқ.

Телевизия. Радио. Дижитал. Иә корпорация қай бағытта да көшбасшы. Қаузайтын тақырып та сан алуан. Әсіресе деректі фильмдер ұсынуда дес бермей келеді. Телехикаялардың да аудиоториясы кеңейді. Биыл 171 сериядан тұратын 15 отандық телехикая өндіреді. Оның ішінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Міржақып Дулатұлы мен Мағжан Жұмабаевқа, күйші Дина Нүрпейісоваға, академик, тарихшы-этнограф Әлкей Марғұлан мен түркі әлеміне ортақ аңыз тұлға Қорқат ата тұлғасына арналған тарихи бағыттағы 5 туынды бар

«Qazsport» телеарнасы барлық спорт түрлері бойынша тікелей транслияциялар көлемін ұлғайтты. Жылдың басты әрі негізгі жекпе-жегі саналған Геннадий Головкин мен Канело арасындағы трилогия біздің арналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Айтпақшы, жас журналистерге жағымды жаңалық. Жаңа маусымда «Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі жұмысын жалғастырады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу