Таиланд астанасы Бангкокта жауын құйып, тасқын күшейіп келеді. Қазір Чао Прайя өзені арнасынан асуға жақын. Сондықтан оның бойында тұратын халыққа абай болу керегі ескертілді.
Таиландта бүгінде муссон жаңбырлары маусымы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, тасқыннан корольдіктің 21 провинциясы зардап шеккен. Дегенмен әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ.