Қаладағы негізгі су магистралінің бірінде диаметрі 630 милиметрлік құбыр жарылған. Қазір ақау шыққан аумақта мамандар полиэтилен құбырды ауыстырып жатыр. Ал білім ошақтары мен әлеуметтік мекемелерге суды жеткізіп беруде. Мамандар бүгін түнде қалаға су беріледі деп отыр.
Кенжан Дауылбаев, «Қарағанды су» ЖШС бас директорының орынбасары:
Кеше бұл жақта бізде дайындық жұмыстары жүргізілді. Өйткені коммуникация, кабельдер қайда жатыр қазу үшін соны біліп алуымыз керек болды. Мамандармен ақылдасып жұмыс ретін келістік. Бүгін таңертең 9-да суды өшірдік, түнгі 12 дейін негізгі жұмыстар біткен соң суды қосамыз.