Шымкент қаласында мансабын пайдаланып қол астындағы қызметкерден бағалы сыйлықтар алды деп күдікке ілінген жергілікті полиция басқармасының бұрынғы басшысы 7 жылға сотталды. Полковник шеніндегі тәртіп сақшысы жол патрульдік қызметінің инспекторын парфюмерия, жиһаз, бағалы сырт киім әперуге мәжбүрлеген. Және түрлі карталарға ақша аудартқан. Сыйақыға берілген заттардың бағасы 3 миллион теңгеден асады. Сотта оның бұл әрекеті толық дәлелін тапты.