Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Ол үшін кеше Өзбекстанға сапарлап барған еді. Ұшақтан түскен бойда Президент «Жібек жолы» туристік орталығына барып, ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларымен бірге ағаш отырғызды. Бұдан кейін, саммитке орай тұрғызылған «Мәңгілік қала» кешенін аралады. Бүгін осындағы конгресс орталықта Шанхай ынтымақтастығының 22-саммиті өтеді. Маңызды саяси шарасы шамамен бір сағаттан кейін басталуы тиіс. Саммит аясында Президент өзге елдердің басшыларымен кездесу де өткізбек.