Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің декларациясы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің декларациясы қабылданды

15.09.2022

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі қорытындыланып, декларациясы қабылданды. Оның мәтінін Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс оқыды. 35 тармақтан тұратын құжатта қазіргі таңдағы жаһандық проблемалар барынша қамтылған. Декларация бүкіл әлемдегі саяси көшбасшыларға, дін қайраткерлеріне, халықаралық ұйым, азаматтық қоғам институттарына беріледі.

Джо Бейли Уэллс, Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, доркинг епископы:

Біз әлемнің пандемиядан кейінгі дамуы мен әлемдік процестердің жаһандануы және қауіпсіздікке төнетін қатерлер жағдайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бейбітшілік пен ынтымақтастық үшін диалогты нығайту, сондай-ақ рухани және адамгершілік құндылықтарды ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын мәлімдейміз. Деклорация БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады. Біз Қазақстан Республикасына съезді тамаша ұйымдастырғаны үшін, ал Қазақстан халқына – мейірімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ съезде Ватикан басшысы, Рим Папасы Франциск сөз сөйледі. Саясатпен бірге әртүрлі саланы жеке бастың дүниесімен араластырмау керек. Өз дінімізді қолдап, қорғай білуіміз керек, - деді ол.

Рим Папасы Франциск, Ватикан басшысы:

Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, діндеріміз бен мәдениетіміздің байлығын көрсеттік. Осы дінаралық диалог үшін бәріміз күш-жігерімізді арнадық. Пандемия ғана емес, соғыс өртімен арпалысып отырған әлемде біз үшін шынайы диалог, бейбіт қарым-қатынас маңызды. Сондықтан біз бейбітшілік пен бірлікке бірге ұмтылуым керек. Осы съезді ұйымдастырған, дәстүрі мен мәдениетін, бейбітсүйгіштігін көрсеткен Қазақстан халқына алғыс білдіремін.


Хабарламаларға жазылу