Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты елорда атауын «Астана» деп өзгерту жөнінде шешім қабылдады. Мәслихат депутаттары бірауыздан дауыс берді.
Ерлан Каналимов, қалалық мәслихат хатшысы:
2019 жылы әкімдік тарапынан маңдайшала, бланк, мөрлерді өзгертуге 30 млн теңге жұмсалған. Ал соңғы үш жылда барлық мемлекеттік органдар цифрлық құжат айналымына көшті. Менің ойымша, осыны ескере отырып, биыл шығындар әлдеқайда аз болады. Себебі қазір көптеген мемлекеттік орган ресми бланкімен ештеңе жібермейді. Барлығы ЭЦҚ қолданады.