Рим Папасы Франциск елордадағы католик шіркеуіне барып, халықпен кездесті. Ғиабадат үйіне жиналған қауым оны зор қошеметпен қарсы алды. Кездесуге алыс-жақын шетелден келгендер де бар. Шіркеуде діни қызметкерлердің орындауымен әндер айтылды, дұға оқылды. Рим папасы Франциск рухани құндылық тақырыбына тағы бір тоқталды. Жиын соңында кездесуге келгендер естелік суретке түсті.