Дін көшбасшылары өзекті мәселелерді талқылап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дін көшбасшылары өзекті мәселелерді талқылап жатыр

15.09.2022

Адамдардың мінезін түзетіп, қоғамдағы кемшіліктерді реттеп, нақты этика қалыптастыру үшін ортақ заңды бекіту керек. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында өтіп жатқан секция отырысында айтылды. Әлемннің түкпір-түкпірінен келген дін сарапшылары дүние жүзін алаңдатқан бірқатар мәселерді талқылап жатыр.

Асылбек Данияр, тілші:

Санаулы минуттардан соң секция өз жұмысын қорытындылайды. Таңертеңнен бері съезге бекітілген 4 тақырып талқыланды. Қазір екі секция аяқталды. Жиын кезінде біршама ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Форум Давос форматында жүргізіліп жатыр. Бірінші қаралған тақырып: «Діндердің қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы рөлі». Сарапшылар діндер мен конфессиялардың барлығы бейбітшілік бағытын ұстану керек деген пайымда. Ираннан келген делегация өкілі ғалымдар діннің бәсеңдеп жатыр деген ойын жеткізді. Әлемде шиеленіскен ахуалдың қалыптасуына да осы себеп деді. Мұны жеңіп шығу үшін шындыққа сәйкес келетінін құндылықтарды қайтару керек. Ал ол құндылықтарды заңды түрде бекіту және осы жұмыспен айналысатын институт құру туралы ұсыныс айтылды. Сол арқылы адамдардың мінезін түзетіп, кемшіліктерді реттеп, нақты этика қалыптастыруға болады. Жалпы, қаралып жатқан үш тақырып бұған дейінгі съездерде қаралған. Ал әйелдердің әлеуметтік мәртебесі бірініші рет көтеріліп отыр. Өйткені, дүние жүзінде қыз-келіншектерге деген зорлық-зомбылық артқан. Тіпті, күң ретінде сату да белең алған. Қазір осы түйткілді мәселелерді тоқтатудың, әйелдері қорғаудың жолдары қаралып жатыр.

Хабарламаларға жазылу