Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барады

15.09.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Маңызды саяси шара Самарқан қаласында ертең болады. Қазір мұнда қызу дайындық жүріп жатыр. Қауіпсіздік шаралары да барынша күшейтілген. Өйткені 15 елдің басшысы келмек. Негізі Шанхай ынтымақтастық ұйымына сегіз ел кіреді. Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан және Тәжікстан, екі ядролық алпауыт – Ресей мен Қытай бар. Төрт ел – бақылаушы. Тағы алты мемлекет - диалог жөніндегі әріптес. Бұл елдер – Жершары халқының тең жарымы. Жиында геосаяси ахуал, Ауғанстандағы жағдай, азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер көтерілмек. Әрі бірқатар маңызды құжаттар бекітіледі деп күтіліп отыр. Президент саммитке қатысып қана қоймай, басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Хабарламаларға жазылу