Павлодар облысы Шарбақты ауданында 9 бірдей оқушы уланып емдеу орнына түскен. Төртеуі инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайлары жақсарып келеді, дейді дәрігерлер. Балалар №2 мектеп асханасынан тамақ ішкенін айтады. Іле-шала бастары айналып, құса бастаған. Дәрігер көмегіне 2 және 9-сынып аралығындағы оқушылар жүгінген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық полиция тексеру жүргізуді бастады.
Гүлмира Құлмағамбетова, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім басшысы:
Стационарда ем қабылдап жатқан балалардан алынған сынама нәтижесі бойынша тағамнан уланғандары белгілі болды. Олардың бәрі мектеп асханасында тамақтанған. Қазіргі уақытта жоспардан тыс тексеру басталды. Нақты нәтижесін қосымша хабарлаймыз.