Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда жаңа экономикалық реформаларды іске асыруды қолдайды. Үкімет басшысы қаржылық институттың вице-президенті Алан Пиюмен кездесті. Тараптар келер жылға арналған инвестиция мен өзара іс-қимыл жоспарларын, сондай-ақ алдағы уақыттағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Әлихан Смайылов 30 жылдың ішінде Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп экономиканың түрлі салаларында 10 млрд доллардан астам қаржыға 300-ге жуық жоба іске асырылғанын атап өтті. Алан Пию Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосу, банктің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Дарын Сағитов