Конституциялық Кеңес Мәжіліс депутаттары ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» өтінішін қарады. Ұсыныс Конституцияда Республика Президентінің бір мәрте жеті жылдық өкілеттік мерзімін белгілеуді, сондай-ақ, ел астанасының атауын өзгертуге байланысты Негізгі Заңның 2-бабына түзетулер енгізуді көздейді. Конституциялық Кеңес аталған заң жобасы, Конституцияда белгіленген талаптарға сәйкес деп санайды.