Өнерге құштар талантты жас - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнерге құштар талантты жас

15.11.2014
Өнерге құштар талантты жас

Ақмола облысының тұрғыны Алтынбек Ақниеттің дүние есігін ашқан сәттен бастап, бойынан «аяқталмаған остеогенез» ауруы байқалады. Өз салмағын көтере алмайтын бұл дерттің кесірінен бала кезінде сүйектері 70 мәрте сынған екен. 15 жасында Мәскеуде ем-дом алғаннан кейін ғана сүйектерінің сынуы тоқтаған. Екі аяғы жүруден қалып, арбаға таңылған Алтынбек өмірге деген құштарлығын өнермен ұштастырыпты.

Алтынбек Ақниет Егіндікөл ауданының тумасы. Жастайынан ән айтуға бейім болып өсті.

Ән айту өнерін Алтынбек енді  Көкшетаудағы музыкалық колледжде шыңдауда. Акапеллалық жанрда ән айтатын топтың құрамында.

Болашақта Алтынбек Астана қаласындағы музыкалық академияға оқуға  түсуді армандайды. Оны ойдағыдай аяқтап, «елге өз өнеріммен қызмет етсем»,-дейді.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу