Мемлекет басшысы: Күрделі кезеңде дінбасылардың бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы: Күрделі кезеңде дінбасылардың бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды

14.09.2022

Мемлекет басшысы дін көшбасшыларының мұндай ауқымдағы диалогы бейбітшілікке қол жеткізу бастамаларын қалыптастыруға ықпал ететінін баса айтты. Съез тек дінбасылардың кездесуі ғана емес, саяси шиеленістер мен түрлі деңгейдегі дауларды шешуге сеп болып, бейбітшілікті насихаттау құралына айналған. Президент бұл жиынның елімізде өтуі лайықты шешім екеніне де тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Еліміздегі және бүкіл әлемдегі диалог пен ынтымақтастықты нығайту – Қазақстан саясатының маңызды бөлігі. Бүгінгі съез - соның айқын көрінісі. Осыған дейін өткен форум декларацияларында радикализм, зорлық-зомбылық және қақтығыстар табанды түрде сыналды. Қандай идеяны желеу етсе де, мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайтыны анық айтылды. Қазіргі күрделі кезеңде дінбасылардың бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды. Олар кез келген мәселе бойынша ортақ пайымға келіп, тіл табысуға болатынын бүкіл адамзатқа паш етуде. Меніңше, съездің ең басты миссиясы да, ерекшілігі де осы.

Хабарламаларға жазылу