Алаяқтармен күрес: Телефон нөміріне биометриялық сәйкестендіру енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтармен күрес: Телефон нөміріне биометриялық сәйкестендіру енгізіледі

14.09.2022

Енді түрлі нөмірден қоңырау шалып, мазалайтын алаяқтар азаяды. Себебі бір адам бұрыңғыдай бірнеше нөмір сатып ала алмайды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше, елімізде телефон нөміріне биометриялық сәйкестендіру енгізіледі. Яғни түр-әлпетіңіз арқылы құралдың иесін ажыратуға болады. Бұл норма әзірге жаңа нөмірлерге арналған, бұрыннан қолданыстағы нөмірлер үшін жаңа жүйені енгізуге әзірлік жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу