Конституциялық Кеңес Мәжіліс депутаттары ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» өтінішін қарады.
Ұсыныс Конституцияда Республика Президентінің бір мәрте жеті жылдық өкілеттік мерзімін белгілеуді, сондай-ақ ел астанасының атауын өзгертуге байланысты Негізгі Заңның 2-бабына түзетулер енгізуді көздейді. Конституциялық Кеңес «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы Конституцияда белгіленген талаптарға сәйкес деп санайды.