Үкімет басшысы: Жанар-жағармай нарығы бойынша қатаң бақылау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы: Жанар-жағармай нарығы бойынша қатаң бақылау қажет

13.09.2022

Жанар-жағармай бойынша елдегі ахуалды үнемі назарда ұстап, қатаң бақылау қажет. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр жауапты органдарға осындай тапсырма берді. Жиында айтылғандай, қазір Энергетика министрлігі мен жанармай бекеттерінің ірі желілерінде колл-орталықтар құрылды. Мұнда бағаны негізсіз көтеру мен оны сатудан бас тарту мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беріледі. Облыстарда мұнай базалары мен ұсақ жанар-жағармай құю бекеттерін бақылау жөніндегі комиссиялар жасақталды. Зауыттардан мұнай базаларына және барлық өңірдегі жанармай құю бекеттеріне дейін мұнай өнімдерінің логистикасы жолға қойылды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Зауыттарда мұнай өңдеу және дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылды. Мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу мақсатында қажетті экспорттық шектеулер енгізілді. Дизель отыны ішкі нарыққа делдалдарсыз жеткізіледі. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде жанар-жағар май нарығындағы ахуал бір қалыпқа келіп жатыр. Дегенмен жағдайды үнемі назарда ұстап, қтаң абықлау қажет.

Үкімет басшысы кейбір өңірлерде сұйытылған газ тапшылығы орын алып отырғандығын айтты. Іркілістерді болдырмау үшін кешенді жұмыстарды жалғастыру қажет деді. 15-ші қыркүйектен бастап жанармай құю станцияларында жанар-жағармай сатуды есепке алудың цифрлық жүйесін енгізуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл соңына дейін өнім өндірушілерге жеңілдетілген дизель отынын бөлу жүйесін енгізуді қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, келер жылдан бастап Энергетика министрлігі мұнайды өңдеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыруы керек, - деді Әлихан Смайылов. Бұл жүйе мұнай өнімдерін сату кезінде делдалдардың қатысуына жол бермейді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу