«Ақорда» резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақорда» резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

13.09.2022

«Ақорда» резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы елдер көшбасшыларына рапорт берді. Сонымен бірге Қазақстан мен Ватиканның әнұраны шырқалды.  

Содан кейін Президент пен Рим Папасы екіжақты кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонаққа зор ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу туралы шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс айтты. Рим Папасы сапарының бағдарламасы – өте тығыз. Ертең Рим католиктері шіркеуінің басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезінің ашылуына және пленарлық мәжілісіне қатысады. Сонымен бірге форумға қатысуға келген діндер көшбасшыларымен бірқатар кездесу өткізеді. Бұдан бөлек, 14 қыркүйекте мыңдаған католик дінін ұстанушыға, соның ішінде елордаға келетін діндар адамдарға арнап месса өткізеді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу