Тың бастамалардың жүзеге асқаны маңызды: Халық пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тың бастамалардың жүзеге асқаны маңызды: Халық пікірі

13.09.2022

Тың бастамалардың жүзеге асқаны маңызды. Жаңашылдықтарды жасап көру керек. Президент Жолдауында айтылған ел болашағына бағытталған жобалар бойынша көпшілік осындай пікірде.

БЛИЦ:

Президент болғысы келген адам осы 7 жылда өзінің бастамаларын толық жүзеге асырып үлгереді деген ойдамын. Және еліміз Тәуелсіздігін алғалы 30 жылдан ғана асты. Жаңадан тәй-тәй басып келе жатқан ел болғандықтан мұндай жаңашылдықтарды жасап көру керек-деп ойлаймын. Ешқандай тартынудың қажеті жоқ.
Кез келген адам 5 жылда ештеңе жасай алмайды. Оның үстіне біздің жағдайымызда бұл қауырт жағдай. Сондықтан, Президент срогін өзгерткені және бір мезгілдік жасағаны дұрыс деп есептеймін.Жалпы, елдің жағдайын көтеруге көп көмегі бар.Егер, айтып жатқан реформалардың бәрін жүзеге асыратын болса, көп көмегі бар.Экономикалық мәселелерді зерттеуге де көп жәрдемі бар.
Саяси маңызы зор мұның. Президентіміздің жолдауын оқып сол жақсы бір салаларда, дұрыс тұрғыда жақсы бағдарлама жасап отыр. Халқымыздың әлеуметтік жағдайы, тұрмыстық жағдайы көп түзеледі ме деп ойлаймын.
Педагог ретінде білім беру саласына қатысты айтылған тапсырмалар көңілімнен шықты. Мысалы еңбек нарығына сай қажетті мамандықтарды дайындауға басымдық беріледі. Сондай-ақ, алдағы жылдары үш ауысымды мектептер мәселесін шешу бағытында нақты істер атқарылмақ.
Елшіл, патриот азаматтарды тартса, жаңа көзқарасы бар партияларды тіркеуден өткізетін болсақ, жеңілдетемін деп жатыр ғой партияларды тіркеуді, әрине халық қазір барлығын түсінеді, біледі.
Жеті жылдық мерзімде осы Жолдауда көрініс тапқан әлеуметтік сұрақтар болсын, халықтың әл ауқатын жақсартуға бағытталған сұрақтар болсын, жастар мәселесі, студенттердің мәселесі болсын қоғамдық мәселелер болсын осы мақсат міндеттердің барлығын орындауға жеткілікті мерзім.

Хабарламаларға жазылу