Жетісу өңірінен Қостанайға 30 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу өңірінен Қостанайға 30 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді

13.09.2022

Қостанай облысының Әулиекөл ауданына Жетісу өңірінен көмек керуені келіп жетті. Жетісулықтар төрт жүк көлігімен 15 тонна ұн, 10 тонна қант және киім-кешек, төсек орын жіберіпті. Қайырымдылық шарасына қарапайым азаматтардан бастап, қоғамдық ұйым өкілдері, саяси партиялар, кәсіпкерлер белсенді атсалысқан. Қостанайда гуманитарлық көмек жинайтын 21 пункт жұмыс істеп тұр. Мыңнан аса волонтер осында жиналған азық-түлік пен басқа да заттарды сұрыптап, зардап шеккендерге таратумен айналысып жатыр.

Арыстанғали Арын, Жетісу облысының өкілі:

Біз әрбір отбасына, әрбір адамға сабырлылық тілейміз. Достығымыздың, ауызбіршілігіміздің арқасында қандай да қиындықты еңсереміз деп сенемін.


Хабарламаларға жазылу