Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс болды

13.09.2022

Қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Қақтығыстың басталуына екі елдің әскерилері бірін-бірі айыптап отыр. Армения Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әзербайжан күштері бірінші болып шекарадағы қалаларға оқ жаудырған. Ал Әзербайжан Армения күштері бірнеше бағытта ауқымды диверсия жасады деп мәлімдеді. Бұл оқиғадан кейін Ереван ресми түрде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің көмегіне жүгінді.


Хабарламаларға жазылу