Діни рәсім: Мессаға 3 000-ға жуық адам қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни рәсім: Мессаға 3 000-ға жуық адам қатысады

12.09.2022

Рим папасымен бірге, оның қарамағындағы 81 тілші келмек. Жалпы съездге 300-ден астам БАҚ өкілі келеді деп жоспарланып отыр. Айта өтейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері сьезінің аясында өтетін кең ауқымды діни мессаға 3000-ға жуық адам қатысады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр хабарлады. Олардың басым бөлігі Орта Азия мен көрші елдерден келеді. Діни рәсім Экспо көрме орталығындағы «Нұр әлем» павильонынның алаңында өтеді.  

Айбек Смадияр, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Жалпы алдағы сьездге 300-ден астам БАҚ өкілі аккредитациядан өтті. Біз ұйымдастырушы ретінде барлық журналистерге Қазақстандық болсын, шетелдік болсын бар жағдайды жасауға тырысамыз. Рим папасымен бірге және басқа да шетелдік журналистердің көп санына қарағанда бүкіл дүниежүзі бұл сапарға көңіл бөліп отыр. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу