Бір реттік жеті жылдық мерзім – демократияландырудың жаңа элементі. Аманат партиясының мүшелері осындай пікірде. Бүгін «Талқылау» диалог алаңында жолдау жүктеген міндеттер талқыға түсті. Депутат Ерлан Саиров 7 жылдық мерзім биліктің бір қолға өтіп кетуіне жол бермейді. Барлық саланың дамуында тұрақтылық пайда болады деп айтты. Ал жиынға қатысушылар жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру арқылы әділ қоғамның іргесі қаланады деп санайды.
Асхат Оралов «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Президенттің 7 жылға бір рет қана сайлануы ол прогрессивті норма деп түсінеміз. Ол енді супер президенттік жүйеден, моделінен бас тартудағы нақты мақсат деп түсінуге болады. Сондықтан да менің жеке ойымша, биылдан бастап Конституцияға өзгерістерді енгізіп, іске асыруымыз қажет деп есептеймін.