Елордада өтетін діндер съезіне артылар үміт көп. Сарапшылар дін көшбасшылары бас қосатын алаңда күрмеуі қиын мәселелер ортаға салынып, оларды бейбіт жолмен шешудің тетіктері қарастырылады. Сондықтан әлем назары ауатын келелі отырыс болмақ дейді.
Ерғали Көшекей, Қалалық дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары:
Әр елдің, әр мемлекеттің дін басылары арқылы біз осы бейбітшілік идеясын насихаттау, әлемнің әр түкпірінде болып жатқан соғыс жағдайларын болдырмау. Оларды бейбіт түрде шешу бойынша ұсыныстар айтылады. Яғни бұл толғандырған мәселелерді шешуге септігін тигізенді деп ойлаймын.