Қостанайда картоп тұқымын сатып алуға бөлінген қаражат жекенің қалтасына кете жаздады.
Қаржылық Мониторинг агенттігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген субсидия бірнеше рет жымқырылған. Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құраған. Аталған жайтқа байланысты ашылған қылмыстың ісі аяқталды.