Қала полициясының хабарлауынша, қоймада техникалық талаптар ескерілмеген. Уақытша сақтау орнынан жіберіліп отырған ацетон, диэтил спирті, калий перманганаты, тұз қышқылы және күкірт қышқылын сатуға тыйым салынды. Дәрі-дәрмекті дұрыс сақтамау фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.