Екі күннен соң Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Екі ел басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.