Пәкістанда алапат тасқыннан келген шығын көлемі 30 млрд долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда алапат тасқыннан келген шығын көлемі 30 млрд долларға жетті

12.09.2022

Бұл мемлекетте муссон жаңбыры маусымның ортасында жауа бастады. Содан бері топан судан 33 миллиондай адам зардап шегіп, 1400-ге жуық пәкістандық қаза тапты.

Бұған қоса, жүздеген мың үй құлап, жол, көпір, теміржол, егістік алқаптарын су шайып кеткен. Және де жүздеген мың мал қырылды. Табиғи апаттан ең көп Синдх және Балоджистан провинциясы зардап шекті. Жергілікті үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, Пәкістанда мұндай жағдайдың қалыптасуына климаттың өзгеруі де себеп.


Хабарламаларға жазылу