Полицейлер жүргізген «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы барысында осындай заңбұзушылық әшкереленді. Бұл дәрі-дәрмектің заңсыз айналымға түспеуі үшін атқарылған жұмыс. Барлығы 12 дәріхана қызметкері әкімшілік жазаға тартылды. Заңбұзушылықтар Көкшетау, Степногорск, Қосшы қаласында және бірнеше ауданда тіркелді.